Сен қазақтың қызысың.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Барша елдің гүлісің.
Қуанышы, мұңысың.
Әдепті болсын жүрісің.
Адал болсын әр ісің.
Себебі сол қарағым,
Сен қазақтың қызысың.

Әкеңнің көз нұрысың.
Намысының қылысың.
Асылдан болған туысың.
Ар-ұяттың құлысың.
Себебі сол қарағым,
Сен қазақтың қызысың.

Қасиеттің бірісің.
Махаббаттың үнісің.
Таза болсын тынысың.
Жұпар болсын иісің.
Себебі сол жарығым,
Сен қазақтың қызысың.

Казір сәби баласың.
Үлкен дана боларсың.
Өмір мәнін ұғарсың.
Биік шыңға шығарсың.
Ұмытпа бірақ қарағым,
Сен қазаққа баласың.

Талай елге барарсың.
Талай жерде боларсың.
Өзгелерді сынарсың.
Өзгелерге ұнарсың.
Ұмытпа бірақ қызым-ау,
Бір қазаққа сыңарсың.

17 пікір

yesbolat83
Казір сәби баласың.
Үлкен дана боларсың.
Өмір мәнін ұғарсың.
Биік шыңға шығарсың.
Ұмытпа бірақ қарағым,
Сен қазаққа баласың.
Әсіресе, осы жолдары ерекше ұнады.
Jako
Талай елге барарсың.
Талай жерде боларсың.
Өзгелерді сынарсың.
Өзгелерге ұнарсың.
Ұмытпа бірақ қызым-ау,
Сен қазаққа баласың.
Осы жердегі ең соңғы сөзді «сен бір қазақтың сыңарысың»-десе қалай болар екен?
Kan
дұрыс айтасыз аға. солай өзгерсем блады екен ғой.
Jako
Онда «Сен бір қазаққа сыңарсың»-деп өзгертсең буын санына тең келеді екен, әрі басқа ұлт өкілдеріне шығып жатқан қыздарымызға да ой салу болар еді. Жалпы Кан мырэа, қаласаң тағы бір-екі жерінде аздаған кеңес қосар едім.
Kan
әрине аға құба-құб келісемін. сын айтылмай мін тұзелмейді дейді. әрі бұл өлең тек менің қызыма менің атымнан айтқан өсиет емес барша қазақтың өсиеті болса жақсы емес пе. айтыңыз дұзейін аға. сізде бізге қарағанда тәжірбие мол ғой. барша қыздарыңызды қияға қондырған шығарсыз.
Jako
Нәзік болсын жүрісің.
Осы жері "Әдепті болсын жүрісің" болса қалай болар еді, себебі әдептің ішінде бәрі бар ғой деймін.
Өткір болсын қылышың.
Ал енді мына жерде «Асылдан болған туысың»-болса, асыл туған баласың деген мағанада болар еді.Қалай болғанда да қыз бала ошақ, отбасы ырысы, "қылыш"-деген үйден түзде көп жортатын ұл перзенттерге келетн сияқты.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Аға айтқаныңыздай өзгертіп едім шын мәнінде өлең тәп-тәуір болып қалды. Үлкенді тыңдаған азбайды деген осы екен ғой. Рахмет аға сізге
Jako
Ооо, саған рахмет Қанеке, осындай ойлы өлең тудырған.
Әкеңнің нұр жырысың.
Осы жолдағы «нұр» сөзі буын саны үшін қыстыра салғандай әсер етіп тұр, болмаса нұр мен жырдың қатысы шамалы. Сол жолды "Әкеңнің ән жырысың" немесе "Әкеңнің көз нұрысың"-
деген екі варианттың біреуін таңдап көрсең.
Delfina
Жездеке сіз өзіңіз өлең шығармай кеттіңіз ғой. Күтеміз))
Kan
шабыт құрғыр біздің ерікте емес қой. Шаты келсе шаттанып тұрып шығарамыз ғой балдыз
Delfina
Керемет өлең екен. Жазып алдым. Үйдегі қызға әдемілеп тұрып шығарып беру керек екен))
satirik92
Jako атам сыныңыз рас мықты. Kan ағамның жазарын, айтар ақылын тыңдамағалы біраз бопты.
yesbolat83
Оһооо, қайда жоқ боп кеттің?! Сағынып қаппыз ғой сені. Не хабар.
Jazko
осындай тәрбиеге толы өлеңдерің көбейе берсин.
8888
бірінші шумақта «жүрісің» деген сөзбен "әр ісің" деген ұйқас ұштаспайтын сияқты. соңыда "қызысың" деген сөз басқаша өріліп әкелсе дұрыс болар еді. Өлеңнің айтары ой бар жақсы. мен тек ұйқасын айтып жатырмын КАН!
kaisar-bek
Өлең тамаша жазылған! Тек «Адал болсын әр ісің» емес, адал болсын ырысың деп өзгертсеңіз мағынасы кеңірек, ұйқасы мәндірек болар еді. Қыз — үйдің ырысы ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.