Тағы ойладым....

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Мен жұмбақпын, шеше алмай сұқтанар шын,
Ойлама мені қалқам бұлттанарсың.
Сенімсіздік сергелдең салған сәтте,
Өзің кеп сөзсіз мені құтқарарсың.

Қосылу?! Қараңғы қапас сынды,
Жеріткен, желіктірген саф басымды.
Айқара ашып тасста есігіңді,
Білсеңде өзім келіп жаппасымды.

Оңаша ойла мейлі, қиялданып,
Байырғыдай қауырсын, сияны алып.
Мен білмеймін бұл сезім сенсіз, сірә,
Сондықтан қала берем жиі алданып.

Бұлт торлаған, түпсіздік, түнсіз бірақ,
Секілденіп құм қуған құнсыз бұлақ.
Сен жылама жарқыным, жұбатайын,
Кетпейін жас секілді үнсіз құлап

8 пікір

maulen
Пікір қалдыра отырыңыздар?!
Kan
Маулен өлеңнің ұйқасы тып жақсы-ақ. Бірақ күрделі ұйқас қуып өлеңді сүйкімділеймін деп еш мағна мақсат қоймағансың. бір оқыған адам өлеңнің мағнасын түсінбей қалады.
біресе ойлама мені дейсің, біресе құтақарасың дейсің.
«Кетпейін жас секілді үнсіз құлап» бұл сөзіңнің парқына бара алмадым.
maulen
Түсіне білгенге өмір қарама-қарсыға ұғымдардан құралған ғой. "Өмірім-өлеңім" демекші.
Jako
«Кетпейін жас секілді үнсіз құлап»
Кан мырза, ақын бұл жерде «көзден үзіліп түскен бір тамшы жастай жастай елеусіз қалмайын»-дегенді айтып отыр, тамаша теңеу.Негізі ақын бұл жерде өзінің ішкі сезімімен күресуде, арпаласуда.
Бұлт торлаған, түпсіздік, түнсіз бірақ,
Секілденіп құм қуған құнсыз бұлақ.
Мына жерде ақын «Түн емес күндіз, бірақ сезімімді қараңғылық, түпсіэдік торлаған, құмға сіңген судай болып құнсыздануда»-деп торығады.
Өлең керемет,әр жолынан терең сырлар сығалайды, тек соны көре, сезе білу керек.
maulen
Рахмет, Jako аға! Тамырымды дөп басқандай болдыңыз ғой!
Jako
Мәулен,өлең ұнады. Кан мырза өзі де өлеңде еншісі бар жігіт қой, бірақ мына ойды
күрделі ұйқас қуып өлеңді сүйкімділеймін деп еш мағана мақсат қоймағансың
айтқанда, сенің өлеңнің бірінші жолындағы
Мен жұмбақпын, шеше алмай сұқтанар шын,
деген ескертпеңе мән бермеген болар деймін, бұл "мен жайдақ су емеспін, арқыраған ағынды өзенмін, мені түсіну керек"-дегенің шығар деп түсіндім.
Ақиық ақын болуыңа тілектеспін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.