Қайырымды болайықшы ағайын!

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Қайырымды болайықшы ағайын…
Жанарымды өртеп жатқан тұңғиық,
Жүрегіме жатқандай ғой жыр құйып.
Бұл жалғанның соқпағында жүрумен,
Отырмын ғой жүрегіме мұңды үйіп.
Сырға тұнған қаламыммен сырласып,
Жазайыншы әрбір істің мән-жайын.
Сауап алып, көмектесіп пендеге
Қайырымды болайықшы ағайын!
Бұл дүниенің жалғанына алданып,
Біреулер жүр шашып босқа ақшасын.
Жүректегі иманнан да айрылып,
Солдыруда өмірінің бақшасын.
Жарықтықты көздеріміз көрседе,
Қараңғылық аясынан кетпейміз.
Бір үзім нанға зар боп жүргендер бар
Біздер болсақ барға шүкір етпейміз.
Бүгін бармыз, ертең бірақ болмаймыз.
Өмір заңы-мәңгілік боп қалмаймыз
Өткінші бір ләззаттарға алданып,
Неге біздер өзімізді алдаймыз?
Кей жандарың мейірімділік танытып,
Жетімдерді асырап алып жатыр.
Ал біреулер көкектейін бас тартып,
Тастанды боп жас сәби қалып жатыр.
Ұғынумен бүгінгі күн елесін,
Өтер болса қайта айналып келмесін.
Түсінумен адамдардың жағдайын,
Қайырымды болайықшы ағайын!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.