Сен жайлы бірер ой

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
ДАСТАН!
Осы алты әріптен құралған есіміңнің маған қалай әсер ететінін білмейсің ғой СЕН!..
Әрбір атқан таңым, батқан күнім, тіпті секундына бір рет соғатын жүрегім тек сенің есіміңмен ғана көркейеді, тек сенің деміңмен ғана өмір сүреді.
Өмір сүру!.. сені көрген күннен бастап 2 есе өрши түсті. Сенің аппақ жүзің мені өзіне баурап, мөлдіреген тұнық көздерің Мариан шұңғымасындай тереңдікке батырып, әдемі күлкің дауысыңа қосылып, әсем әуендей денемді тітіркендіріп, өмір сүруге құлшынысымды арттыра түсті.
Бәрі де қалай басталды....қарапайым күн....қарапайым агент… бірінен соң бірі тізілген хаттар… одан өзгеше ештеңе жоқ… тек көптеген аттардың арасынан ДАСТАН деген есім ғана жүрегіме оттай басылуда… бәрін ұмытып, тек өзіңмен ғана сөйлескім келіп тұрды.
Телефон экранының ар жағынан сенің ыстық деміңді естіп тұрғандай болдым, тіпті жүрегің де менің жүрегімдей бір биге ұласып, бір уақытта дүрсілдеп, бір ысып, бір суығанын да сезгендей болдым.
Ия… бір сөз… бір батылдық… тәкәппарлықтың да бетін басты...
… СЕН ОЛ… жүрегімде із қалдырған сенсің… сен… осы сөзді айтқанда, қандай сезімде болғанымды білсең ғой!....Өмірімде бірінші рет, өз сүйген адамыма, жүрек түкпірімдегі сезімімді білдірдім. Біреу емес… мен....өзім....
Содан бері менің өмірім өзгерді. Сен де… сенің жүрегің де менікін қалайды екен ғой… не деген бақыт....өмірімде бұлай қуанған жоқ екенмін… СЕН ДЕ МАҒАН ҰНАЙСЫҢ… көп бала солай айтқан еді… бірақ сенің сөздерің бәрінен де ерекше екен....
Түнгі сағат 3:00. Ал біз әлі де сөйлесіп отырмыз....әрбір әріпті жазған сайын, қасыма өз махаббатымды қыстырып, саған хат жіберемін… содан тек сенің жауабыңды күтемін…
Уақыт тоқтағанда ғой… мәңгілік сенімен ғана сөйлесер едім… Бірақ жүрегім ертеңгі күнді де қалайды… Сенің сүйкімді түріңді көрер едім....
Күз мезгілі салқын болса да, мен үшін жаздай жайнап кетті ғой… кешкі мезгілде… саябақта қыдырған арман екен ғой… Бұл әлемде тек МЕН және СЕН!!!
Білесің бе?! Менің саған деген махабатым күн сайын ұлғая береді. Сені көрсем болды… жүрегім тұншығып, кеудем қысылып, көздерім тек сені іздеумен ғана болады. Қаншама адамдар ішінде сенің бейнең, қараңғылықты жарып шыққан жарық жұлдызындай шуағын шашып, тек саған ғана менің жүрегім ұмтылады.
Білесің бе?! Саған деген сезімімді көрсетпейін десем де болар емес. Қолыма қалам алып, жаза бергім келеді. Жүрегімнен шығатын сөздер бітер емес… сол себепті де шығар… кеше ғана сатып алған қаламым шаршап, сиясы бітуге айналды… ештеңе етпейді… сия бітер, бірақ менің саған деген адал сезімімнің алауы әлі өше қоймас.
Мен сені сүйемін Дастан!
Мен сені сүйем…
P.S. Кешір! Жазған сөздерім мағынасыз, шашыраңқы болса… бірақ, басқалар түсінбесе де, сен мені түсінерсің деп ойлаймын....

1 пікір

maulen
Сезімін тіккелей, білдіру казак кызына тән емес… Жақсы жазылған ұнады. шынайы, пак, адал…, бірақ, 5 әріпті тырнақшаға алып жазсаң жақсы болар еді!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.