Өкініш

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Ұмыт болар бәрі де ұмыт болар
Жүрегіңе басқа жүрек ұялар.
Сағынармыз сағым болған күндерді
Жетімкөлін аңсағандй аққулар.

Қалай еді өткен күндер кешегі…
Сағыныштың самал желі еседі.
Айлы түннің жұлдыздарын ағызып,
Қыдырушы ек еске алып өткенді.

Қандай еді-ау жігіттік мінез — затың,
Дірілдетер жүрегімді Дастан атың.
Бәрі де теңеуші еді екеумізге
Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатын.

Өтті ғой сол бір күндер, алыстады
Салқындық артымыздан қалыспады.
Ойлаушы едім мәңгі бірге болармыз деп
Бірақ....әттең… жүрегіміз қауышпады.

(Айтыңдаршы бәріне «кім кінәлі?»
Қарсы еді үй ішімнің бәрі… бәрі…
Қалайша шыдап жүрсін сорлы жүрек
Қарғаса күнде-күнде туғандары.)

Айтыңдаршы бәріне кінәлі кім?
Өзім бе?! Түсінбеген бақыт мәнін.
Өзім бе екен сезімімді бағаламай
Алмастырған суық түнге жарық таңын.

Мүмкін кінә артылар тағдырыма
Бастан-аяқ жазылған алдын-ала.

Бірақ қайдам өзіміз жазушымыз
Кітапқа қате салар байқаусызда.

Білемін… айтпай-ақ қой… кінәлімін
Кінәлімін бәріне кінәлімін.
Өкінішті… сезімімді кеш ұқтым
Кешіргейсің!
Жұбата алмай кешіктім!

6 пікір

Flower
Біз адамдар өзімізге қандай істің қайырлысы бар немесе жоқ екенін біле бермейміз… Барлығын білуші Аллах… Қолыңыздағы күмісіңізді жоғалттым деп еңсеңізді түсірмеңіз, ин ша Аллах сізге Қамқоршы, Ризық беруші Аллах бір «алтынды» дайындап қойған шығар…
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Өлең ұнамады кешір. еш қандай әсерлі емес. шашыранқы,қарабайыр болып көрінді.
kuralay_95_25
осы сізге менің жазған ешқандай өлеңім ұнамайды ғой деймін. мен мүлдем өлең шығармайтын күйге айналдым… сонда да кеудемдегі қысылып тұрған жүректі адамға емес, осы жансыз қалам мен параққа жазғым келді. егер ұнамаса неге оқисыз? әлде бәрі өзіңіз сияқты «тілінен уы мен балы бірге таматын» ақын деп пе едіңіз?! Кешірерсіз ағатай....қатты айтқаным үшін…
Kan
Кешір Құралай. сын айтылмай міннің түзелмейтінің білесің ғой. Мен сенің жақсы ақын болғаныңды қалаймын. сондықтанда турасын айтып,қайрағым келеді. Егер жаным ашымаса «а жақсы екен» деп қоясалмаймын ба. сондықтанда жаза бер мен сынаудан жалықпаймын.
kuralay_95_25
рахмет аға. мен де сізден кешірім сұраймын. КЕШІРІҢІЗ!!!
maulen
Ең мағызды өлеңнің өзгеше болуында емес, ең маңыздысы — ішіңдегі шерді шығару.
Күйдірер, жандырыр,
Есіңнен таңдырар.
Қуанып, жұбанып.
Отер ау сан жылдар… мойыма, дами бер!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.