Уа, ауылым, сен бе едің менің анам?!

Асылым айналайын арда ауылым,
Елін сүйген адамға орда ауылым.
Маған ыстық көліңде белің, шөлің,
Тіпті қармен аралас бұлт, жауының.

Уа ауылым сен бе едің менің Анам,
Жаралдым ба бесік белдеу құрсағыңнан.
Жөргегімде шырылдап мен туған шақта,
Күмбездейін аспан ашық болған панам.

Уа ауылым сен бе едің менің Анам,
Көгалды кең жазығым шетсіз далам.
Өзіңдей құдіретті алып зордан,
Титтей болып туғаныма қайран қалам.

Уа ауылым сен бе едің менің Анам,
Сен бе едің туған тегім ата-бабам.
Жүрегіме жайладың ба әлде менің,
Алыптығың та-тастарды арқалаған.

Уа ауылым білемін сен Анамсың,
Мені әкелген өмірге сен ғанасың.
Ой-қырларың бесік болып тербеткенде,
Ормандарың әлдиін жырлаған шын.

Уа ауылым өтелмейді-ау бұл еңбегің,
Қанша жанып жырласамда құр терледім.
Құшағыңда ойран-асыр аунаппын да,
Алыс кетіп сағынарым еш сезбеппін.

2 пікір

a63a1
Ауыл деген жақсығой
Moldir_96
Керемет өлең шумақтары! Шіркін, ауылға не жетсін?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.