Нағыз қазақ ауылда.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тап – таза тұнық,
Қазақы қылық
Іздесең, бар ауылда.
Дәстүрдің дәні.
Қазақтың қаны
Ауылдағы бауырда.

Айран ішкен,
Қымыз піскен
Ауылдың түзу түндігі.
Шай қайнатып,
Бала ойнатып
Жүгірген жеңге тірлігі.

Атпен шапқан,
Сиыр баққан
Ауылдың қара баласы.
Күшті, білекті
Иман жүректі
Ақ адал, аңқау ағасы.

Ұлттық ойын.
Жиын тойың.
Ауылдың қымбат тірегі.
Сөз мақалы,
Ақ сақалды
Қымбат ата тілегі.

Өздері пысық,
Иірген ұршық
Ауылда алтын әжелер.
Ұлттық мекенім,
Ауылда екенін
Білсе екен деймін өзгелер.

Ауған жүктей,
Ауылдан кетпей
Қайтып келсін кезбелер.
Ауылдың әнін,
Ауылдың сәнін
Түзейтін әлі кез келер.

2 пікір

Jako
Керееееемет, ризамын Кан мырза! Тек ауыған жүктей емес, ауған жүктей болса тамаша.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.