Ерекшелеу

Суреттерің,
Жүрегімде тұнық судай сақталғанды.
Суреттерің,
Көрген көзбен бөлекше мақталғанды.
Үйреткенің,
Өмірмен тексеріліп ақталғанды.
Күйреткенім,
Шыдамды көтерердей нақталғанды.

Кешірші,
Емдейінші жаныңдағы жараларды.
Кешірші,
Сезігімде өртенген шалаларды.
Кешірші,
Шақсамдағы үлкен-үлкен қалаларды.
Кешірші,
Мен баламын! Сүюші-ең балаларды.

Өтінемін,
Жүздесейік шад-шадыман алаңдарда.
Өтінемін,
Серігім болшы ұзақ сапарларда.
Өтінемін,
Ақыл айтшы өмір таңын сараларда.
Өтінемін,
Күлісейік, сені баққа апарарда.

Сезіп едім,
Көргенде жылу бөлген қарасыңды.
Сезіп едім,
Адал, жұмсақ жүрегіңді ана сынды.
Сезіп едім,
Өмірге деген батыл таласыңды.
Сезіп едім,
Ойларыңды көреген дана сынды.

Күтемін,
Сырласып өзің берген қаламыңмен.
Күтемін,
Сенсіз сөніп, жалғызсырап барамын мен.
Күтемін,
Сыр ашып, мұсылмандық амалыммен.
Күтемін,
Ғұмырымда сені сүйіп қаламын мен!

Сөздерім,
Бұрынғыдан мүлде-мүлде өзгешелеу.
Сөздерім,
Жазылғанды әсерсіз төтешелеу.
Сөздерім,
Қарапайым! Сезімім өрешелеу,
Сөздерім,
Бағытталса сендей жанға ЕРЕКШЕЛЕУ!
(ТӨРЕХАН Арыстан) Аско

2 пікір

yesbolat83
Біздің баланың жүрегін ауыртып жүрген қандай қыз екен, а?!
Kan
қызық шығарлыған өлең екен. өзгеше
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.