қала мен бала

Ей Астана
Жатсын ба, ауылдың баласын
Кім білген байлардың қаласын
Ауылда мал бағып, ат мінген.
Қазір жүр итеріп, саудагер арбасын
Қалаңды тартып алғандай
Неге жаман көзбен қарайсын

Ойлама таңдады бұл жұмысты
Ақша үшін бәрі де тырмысты
Жағалап жүрмін құрылысты
Түзету керек тұрмысты

Студентпін жүремін автобуста, тіпті жаяу
Түнде жұмыс, сондықтан жүрем ояу.
Сессия бітті деп сұрайды ақша
Ол болса жоққа таяу.
Бұлар бізді мамбет дейді.
Таяқтап ұрсаң емдет дейді.
Орысша сөйлеп
Қазақты менсінбейді

Жалдап тұрам баспанамды
Өз үйіндей болмасада
Бәрібір тастамаймын Астанамды

2 пікір

Jako
Тамаша, жақсы жазылған, тек кей жерлері болмаса.
eltany
Алғашқы қадам, кешіріммен қараңдар
Мен емес сын айтты деп, жамандар
Не айтсада келісемін
Шын айтуды ұмытпасын, адамдар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.