Ия, Алла!

Иә, Алла! Алғыс төгем бәріне де, біріне,
Өзіңе баздана да, шаттана да жазармын.
Иә, Алла! Бергенің де қатты батты етіме!
Шәкәрім… өздерімен сөйлескендей тазардым.
Иә, Алла! Өз бұлағыңнан, Кәусәрдән төктің бе?
Иассауиді санамен терең-терең қазармын.
Иә, Алла! Сынай-сынай өнерменен өптіңде,
Таттырып сездірдің-ау Шабдандардың жазасын!
Иә, Алла! Сыбдыр-сыбдыр табиғатым, шөбімде,
Желсіз түнде қимай жылар Абайлардың қазасын.
Иә, Алла! Кітаптарды сүйдірдің жас күнімде,
Түсін дерсің өткендердің, ақындардың назасын.
Иә, Алла! Ой салып көз ілінбеген түнімде,
Міскініңді қоздырасың да, тоздырасың да тұрасың.
Иә, Алла! Жастайымнан темір тұсау кигізіп,
Өмірімді сынақтар мен сұрақтарға бұрасың!
Иә, Алла! Ерте жастан сәждеге бас игізіп,
Иман! Дұға! Сөзімде! Тілегімде тұнасың.

Иә, Алла! Елден ерек сен сыйлаған дертімде,
Бөлек, бөлек теңіздерде шомылғанды аралмын.
Иә, Алла! Көргендері қинап артық кеттің дер,
Арғымақпын шабайын! Торыққанда барармын!
Иә, Алла! Періштелер тілек тілей тілдің дер,
Қылышыңды қайрай түс! Майдандарда жарармын.
Иә, Алла! Көбі қарар еріндері кемсеңдеп,
Бассыздықтар күле түскей! Уақытында қанармын!
Иә, Алла! Тас құшағында тығылады көмірде,
Күлге бүккен ошақты жылытарда жанармын!
Иә, Алла! Құлаттың да, соқтың да, көндім міне,
Өмірдің таңдай қағар дәмінен де татармын!
Иә, Алла! Саналарда армандарым өнді күнде,
Күн шуағын мейлінше шашар алдын батардың?
Ия, Алла! Құмырсқа да өз отанына дәнін үйер,
Қалайша мен? Бергенге төлем бермей жатармын?

ТӨРЕХАН Арыстан

5 пікір

Kan
кешір інім. кейбір өлеңді адам өзінің жандүниесін тыныштандыру үшін жазады. сенің бұл өлеңіңде тек өзің үшін. халыққа көрсететіндей еш сапасы жоқ.
Jako
Кан мырза, білуімше Төрехан біраз уақыт тағдыр туқыметін татып, ауру торында торыққан жан, соның бәрінен шығуына тигізген бір Алланың шапағатына деген жүрек ризалығы болар.
satirik92
Түсінігіңіз өте жоғары!!! Рахмет!!!
Jako
Тамаша,өзінің сүйікті құддарынан болуды нәсіп еткей Аллам!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.