Көңілде

көңілден түс ауғанба?
Қақың жоқ құлын жырды тұсаулауға.
Енсеңші өрттей ыстық құшағыма,
Келсеңші армансыз-ақ құшар жанға.

Көңілге кеш кіргенбе?
Ақ тысы махаббаттың ескіргенбе?
Кел маған келмес күдей сәттер өтіп,
Басыңды идіре алмас ешкім жерге.

Көңілде таң атпайма?
Жаным-ау сен дегенде тағат қайда?!
Тулатшы сезімімнің толқындарын,
Мендік бол, мен жоқ жерде қанат жәйма.

Көңілде сәрі болсын сәске болсын,
Жанарыңа бір түйір жас келмесін.
Аққу сезім мәңгілік қалықтайды,
өмірімді тігемін бәске досым.

2 пікір

asil93
құрметті достар, бұл менің Айтаберге алғашқы қадамым, қолдауларыңыз маған ауадан да қымбат.
yesbolat83
Қош келдіңіз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.