Жүректе шөккен мұң тұнып...

Қар жауды қаңтар айында
Көңілге ойлар толтырып…
Қар астында қалғайсың?
Жүректе шөккен мұң тұнып…

Қар жауды. Қыс ортасы.
Қаңтардың мұз құрсауы…
Өмірдің суық жолдары,
Бағыңның қайда тұрлауы?

Төрт мезгіл. Бояу әрқилы
Ауысып жылдың толары…
Әр жылы еске салады,
Өмірдің келте боларын…

Көктемде адам үмітті
Бәйшешек сынды гүлдейді…
Қар астынан қылтиып
Әр жарықты күн дейді…

Жаз келеді жадырап,
Бейне адамдай шып-ширақ…
Қыс түсерін білмеген
Жаз ғұмыры тым шолақ…

Күз. Сары жапырақ. Ауыр мұң.
Самайыңдағы шашыңа қарап білермін
Өміріңнің де ащы-тұщы күздерін,
Сарылығынан жапырақтың-ақ түсінермін…

Қыс түсті. Адам. Енді қарға оран…
Үш мезгіл өтті үміттеріңді оятқан…
Өмірдің де борандарынан қаймықпай,
Келемісің сен жүрегім менің. Жылытқан.

Жүрегім менің…
Қалған-ды оған сыр тұнып,
Көктемге жеткіз, ойларым менің ашық күн…
Бұлыңғыр таңды мұңданып тұрып қарсы алып,
Ақжарқын күнді аңсаумен тағы өтті-ау түн…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.