Ұрынған көңіл ұрыншақ аттай болдың ғой...

Ұрынған көңіл ұрыншақ аттай болдың ғой…
Арқырап келіп жартасқа соққан толқындай…
Әуреге түсіп лайланды сана, тұнық ой,
Сабырлық етші, жүрегім менің, бұлқынбай…

Жарқырап келер ақжарқын күнді аңсаумен
Өтеді күндер, жылжып бір аққан сумен тең…
Бақыттарымды өзім түсінбеген қалдырып
Қайда барасың сен, жастығым менің сүрінген?!

Жазамын енді өмірімді тек өлеңмен,
Амалым қалмай барады, бәлкім, түсінсең?!
Ойласам болды, ағылады жырым тереңнен,
Өлеңнен ғана бүлінем енді, бүлінсем…

2 пікір

avatar
Бүлінбе, жақсы өлең
avatar
рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.