Мендегі күйік, мендегі қайғы түк те емес?!

Тұрарсың, бәлкім, бір күні қылып өтініш…
Сұрарсың мүмкін мендегі сезім-теңізден…
Ұғарсың сонда,
Мендегі сезім құбылғыш…
Ұнармын әлі-ақ, дәл қазір сезім шын керең…

Құларсың мүмкін мендегі алау-күйікке,
Жүректің желі желменен бірге желікпе!
Шыдармын әлі, күтермін сені жырақта,
Сендегі мұздар қарыса-дағы қаншама…
Мендегі жалын басылмай қойды-ау жүректе…

Мендегі оттар…
...Ұшқынын көріп үріктің…
Жасқанатындай ала жіп аттап көрмеппін!
Уа шіркін!
Өмірім саған не қылдым?
Бақыттарымды өртеме менің, мендегі мұңды өртегін?!

Мендегі күйік, мендегі қайғы түк те емес?!
Әуре қып бекер жүрекке салар жүк емес?!
Әлемге күйік бар Адамзат қайғысын
Қайғы деп білем, басқасы бәрі құр елес…

2 пікір

avatar
  • Kan
  • 0
әсерлі жазылыпты,ұнады. тамаша өлең, жүректен шыққан жүрекке жетеді деген осы шығар.
avatar
рахмет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.