өмірдің мәнін кім білер...

Ай, қайдам, өмірдің мәнін кім білер?
Сырына бойлай алмай да жүрмін күлерсің…
Өткен күніңнің маңызы неде?
Ал келер…
Күніңнің мәнін тіпті де тіпті білмейсің…

Ойланам кейде, осы сұрақ жегідей
Миымды жейді түнімді менің түрткіштей…
Ойымның барлық қатпарлары де сөгілгей…
Жүрмін мен әттең бүтінделмей-ақ, бүтінделмей…

Бір шипа болар азық іздейді қу жаным.
Сөреден барып Мұқағалиды аламын…
Ашылмағалы көп күн өтсе де, ағамның
Кеше жазғандай сиясы кеппей қаламы…

Оқимын ашып кездейсоқ келген өлеңді,
Сезімнің асыл маржаны селдей төгілді…
Жанымды менің емдейтін күш бар, не десең
Мұқаңның жыры-мәңгілік маған жыр-емші!
Жастықтың жылы бір күні өлең оқыдым…
Рухымды жанып, намысты қайрап тасыттың!
Кім десем қарап, Жұматай деген ақынның
Өлеңнен өрген сөздері оты жасынның…

Жұматай Жақыпбаев поэзияның төрінде!
Орнына оның таласа қоймас ешкімде…
Оқыған сайын, ойланып қалам, теңім бе?
Шимай-шатпақты қойсам қайтеді тегінде…

7 пікір

Kan
өлең ретінде қабылдау қиын жазғаныңды. ал мән мағнасына келсе,өлең қылып емес жай мақала несе мәтін түрінде жазсаң жап-жақсы мағналы дүние болар ма еді. а былайша өлең қыламын деп, керең қылғандайсың.
Feruza
Неге олай ойлайсыз, Кан мырза? Өлең емес құлақ керең болады естімесе… кешірім өтінемін сізден! Бірақ, өлең жап-жақсы жазылған, әрине менің ойым!
maulen
Жұматай Жақыпбевша Ләліні сүйсең, Мұқағали Мақатевтың жалынды жырларынан нәр алғаның жақсы ғой… Бірақ сенің өленіңе деген пікірім: «Сезімсіз жүрсем....» деген өлеңіне қайталау ғой…
kaisar-bek
рахмет сыныңа… бірақ дұрыс сын айта алмасаң айтпағаның жөн болар.
maulen
Менікі сын емес, өйткені мен сын жазатындай дәрежеде емеспін! Менікі тек, пікір!
Ай, қайдам, өмірдің мәнін кім білер?
Сырына бойлай алмай да жүрмін күлерсің…
Өткен күніңнің маңызы неде?
Ал келер…
Күніңнің мәнін тіпті де тіпті білмейсің…
Ал осы жолдар қай ұйқаста құрылған, қай сөзбен қай сөз ұйқасып тұр?!
Мен белгілеген сөздерден қандай ұйқас көріп тұрсың?!
Әр бір шумақтан, әр бір жолдан қате тауып астын сызып көрсететін болса, міне сен айтып тұрған СЫН деген сол!
Jako атты қолданушының пікірін сын деп айтуға болады! Әрине, бұл сізге сілтеме!
kaisar-bek
иә, ұйқас пен әдемі сөз қуған жақсы ғой. осы өлеңдегі сұрауларға сені жауап бере алады деген ойдамын… мүмкін… бұл тереңнен жазылған түсінгенге… өзің ақынмын, ақынмын дейсің… қай жерің ақын. мен сендей сөздің шебері емеспін, ондай оқуды да оқығам жоқ… осы күніңе шүкір етіп, біраз жас болсаң да ақырын сөйлегенің дұрыс болар, алдың ашық болады. Мүмкін сонда "өткен күнің мен келер күніңнің мәні" анықталар
maulen
Қайсар бауырым-ай, артық кеткен жерім болса, әрине, кешірім сұраймын! Мен өзімді ақынмын демедім ғой! Менікі тек оқырман ретінде ғана пікірім, көз қарасым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.