Сезімсіз жүрсем...

Сезімсіз жүрсем жүрегім менің ауырмас…
Арайлы үміт ешқашан мені тастамас…
Үміт бар жерде сезім де түлер қайтадан,
Жүрекке жара салып бір қайта, жазылмас?!
Жарадан мәңгі жүрегім менің арылмас…

Сезімсіз жүрсем, өмірді бастап қайтадан,
Жүрексіз ғұмыр сүрсем мен мүмкін жай табам…
Серіксіз жүрмін, жаңадан бастаймын бәрін де,
Жүректе туар жаңа жыр-сезім, жаңа ән…
Жақсылыққа бәрін бастаса екен Жаратқан!

Сезімсіз жүрсем, жүрегім менің қайтер-ді…
Бақ пен сордың арасын айыр шын енді…
Алдағы өмір не сыйын маған бұйырады?
Кешермін, қайтем, маңдайға жазған тереңді…
Жазармын, әлі, сезімнен соққан өлеңді…

Сезімсіз жүрем, жапанда жалғыз қу терек
Томарға ұқсап, жүрегім менің шөліркеп…
Сезімге сезім тіл қатпай өтсе, жалғанда
Күрмеуін тауып байлай алмасаң не керек…
Бұл өмір қысқа, қамдану керек ертерек…

Сезімсіз жүрем, мендегі үндер шықпайды…
Жүректің әні жаралы құсқа ұқсайды…
Сыңарын іздеп күні де түні шарқ ұрып
Шағала сынды, жағасын іздеп жоқтайды…
Мұқаңша жазсам, бақытын іздеп сорлайды…

Сезімсіз жүрмін, қайтемін енді, досым мұң!
Сезімнің сырын әлемге алып айтып мың…
Жаһанға мынау жырымды барлық төгермін,
Дауа болып ойлы жүрекке барып қонатын…
Жүрекпен жүрек жалғасса ғұмыр толайым…

Сезімсіз өмір бастаймын енді ерекше,
Жүректен алам бар жүкті салған ендеше…
Сезімнің жаңа қырларын ашам бәлкім мен,
Жаңа өмір оған жаңа рең берер өзгеше…
Жаңа сыр – маған, жаңа жыр сыйлар – әлемге…

Сезімсіз айтам, жырларым өткір, қайратты,
Қараңғы-күңгей, оң-теріс бәрін жайратты…
Сезімсіз жүрем, жүрек бар менде, алайда,
Жүректен шыққан от сезім бірақ тым қатты…
Жүректі кейде өмірдің өзі мұздатты…

Жүрек бар менде, ішінде оның бәрі бар…
Жүрексіз жерде ыстықтың өзі салқындар.
Жүрек бар менде, тығылған онда алтындар…
Бақыт бар онда…
Жаппаңдар оны ашсаңдар!
Ашсаңдар оны…
Бақыт бар онда!
Бақыт бар…

3 пікір

Kan
Жақсы жазылған. Бірақ тым ұзақ жазыпсың. Ұзақ бола берсінау бірақ әр шумағын сол бір мағнанығана қаптиды да сосын өлең мылжындау болып көрінеді өлең жазбайтын адамдарға. Сондықтанда мағнаны қамтып қарып түсетін қысқа өлең мыжып бір нәрсені жүз қайталайтын өлеңнен мың есе артық екенін ұмытпа.
kaisar-bek
Әркімнің өз жеке пікірі сияқты, өмірі де бір-бірінен бірегейлігімен ерекшеленеді… біреудің өмірін білмейтін адам өлеңін де түсінбейді… әсте ондайларға арналмаған бұл өлең… ал өмірдің қаталдығының дәмін татқан жандар бірден ұғады… Ұлы ақын Мұқағали "Өлең қарама-қайшылықтан туады" деп жайдан-жай айтпаса керек.
maulen
Қайсар, алдымен өлең деген қорапты шабыт деген ұғыммен толтырып алсаң жақсы болар еді! Сапа емес, санға ауып кеткен-ау! Бір ойды бір өлеңге ұзыннан ұзақ жазғаннан, бірнеше ойды бір өлеңге сәнді де, мәнді жазғаның жөн болар!
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.