Откен күн елестері.

Күнімнің қалай өткенін білмей түңілем.
Тулаған жүрек, сезімді қалай сөндірем.
Алданышпен өткен бір сұмдық күндерді.
Сарапқа салып, ақылмен ғана көндігем.
Өлеңім менің өзімді алдап жұбатар.
Көңілге түскен сызатты бөліп сырласар.
Қиналып кетіп, жылаған талай кезімде.
Жан досым болып кетті ғой жанға мұңдасар
Толқытып тағы апардың алыс жерлерге
Өртеніш билеп, откізген мұңды күндерге.
Жегідей жеген, таппаған тыныш жанымды
Қинадың келіп, алдамшы жалған сөздерге.
Жауабын іздеп таба алмай әлгі сұрақтың.
Жүректі тербеп неліктен мені жылаттың.
Адасып жүрген кеудеме демеу болмақтан.
Жартастан озің итеріп тагы құлаттың
Шабытым келіп олеңде шығар озімнен.
Жел соқса есіп тұрғандай жылу сезінем.
Шырмауы болып шырғалаң мынау тағдырдың.
Моншақтай жасым, тамшыдай ағып көзімнен.
Ай менен күннің нұрына шомып жүздескен.
Елес боп қуып сөзбе сөз тіке тілдескен.
Айыбы жоқ қой откенді аңсап еске алу.
Қадалып қалған, қанжар боп кеткен мұңды естен.
Жапырақсыз ағашта омір сүрмейді.
Сыңарсыз аққу теңізде жалғыз жүрмейді.
Қайғылы жанның, жүрегі мәңгі жаралы.
Жазылып қалған олеңі ғана өлмейді.

2 пікір

Feruza
Ғашықтық, шіркін, ақын да етеді, батыр да етеді… жыр болып өріледі, жанарларда жас болып төгіледі… Сонда да барлық жандар тек бақыттан зор үміт күтеді…
maulen
Өлең-үміт қой үзілер дағы жалғанар…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.