Аналарға арнау

Әйел ана,әйел дана,әйел деген данышпан,
Әйел өзі биік екен сонау шексіз ғарыштан.
Перзентінің тіпті ырғағын есітіп алып тамаша!
Таниды екен алыстан.

Мен таң қалам,өздері,қабырғадан жаралған,
Махаббаттан, пәктіктен, адалдықтан нәр алған.
Неге, сұлу, неге нәзік, неге әсем неліктен,
Еш себебін біле алман.

Шүберекке жанын түйіп перзент үшін аналар,
Немересін балқаймақ қып мәпелеген әжелер.
Арманыңның ең шыңына жетелеген әпкелер,
Айтыңдаршы осыларға бұл өмірде кім жетер?

Басынбайық, тасымайық, жасымайық өмірде,
Шүкір айтып, тәубе қылып, тоқтау салып көңілге.
Бақытсызбын деп қалайша айтасың сен үйіңнің,
Анаң отырса төрінде.

7 пікір

Korkem
Шіркін, АНА!!!
yerbol89
Тамаша маған ұнады. +1
vkm
Маған да ұнады!
Jako
Әлем ананың жмиысынан жаралған.
MSHERIMBEK
Маған да өте ұнады!;)
Moldir_96
"Әйел" сөзінің өзі "Әй, ел болайық!" дегеннен шыққан екен… Ардақты да, мейірімді, абзал жанды аналарымыз аман болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.