не істедің?!...

Ғашықтар ортасына от салған жанға…

не істедің?
Шығардың ба кеудеңнен жеңіс демін?!
Енді бүгін мұңға толы ғашықтардың уақыты,
Алыстады аялаған арманы мен бақыты.
Бір-біріне мәңгі сенер сенімдерін күл қылдың,
Қалай ғана дәтің шыдап сезімдерін бүлдірдің?
Қалай мұның...?
Саған сенген ең-жақын бір құрбысы едің өмірде,
Қиын сәтте жанашыр боп, сызат салмас көңілге.
Кіргеннен соң достықпенен ерекшелеу сенімге,
Иығыңнан шайтан түртіп алжастың,
Миығыңнан сайқал күліп,
Ғашықтардың ортасына арластың.
Неге сонша ғашықтарға сорақылық жол қылдың?
Сүйгенімен жүздеспеген бақытты ма сол құрбың?!
Соған бәлкім көмектескен болдың да,
Бірақ та сен,
Арманына балта шауып, жүрегіне тор құрдың.
Астына алып жалған сөзбен өсектің
Сендейлерді қосу керек қатарына есектің.
Қасындағы құрбы қыздың асыл миын ашытып,
Сүйгенінен айырып ап, көңілін қойдын жасытып.
Қайдағы жоқ мысқал ойды таптыңда,
Ғашықтардың ортасында өштік отын жақтында,
Содан сірә басыңа сен мәңгі бақыт таптың ба?!
Мақсатың не?
Түсініксіз істеп жүрген ісің де
Сезімді ұқпас, айналдың ба
Тас жүректі мүсінге?
Неге айырдың сүйгенінен сол қызды,
Дәл өзінде сондай адам болмағаны үшін бе?!
Қарамадың оң-солына, шатастырдың күн-айды,
Енді сол қыз кімге барып мұңын шағып жылайды?
Сендей жандар қоршап алса маңайын,
Кімнен ақыл сұрайды?!..
Алғаш көрдім мен өзіңдей теріс пиғыл адамды,
Тап сендейлер мұңға салып дал қылатын қоғамды.
Біз пендеміз өткен күнін келер күнмен жалғаған,
Армандары қиялы мен қия шыңда самғаған.
Жандар аз ба махаббаттың шөліне, сусап жанып қанбаған.
Сенің батыл қылған тірлігіңдей адамзаттың тарихында болмаған.
Сен болдың ғой ең сорақы оңбаған…
Содан шығар өзіңнің де махаббатта сірә жолын болмаған?!..
Ғашықтардың ала жібін аттадың,
Сүйіктісің сүйгеніне даттадың.
Бойын да бір жерге жақын шап-шағын.
Қайдағы жоқ танысыңды, күндей қылып мақтадың.
Сонда айтшы:
Қасыңдағы құрбы қызды сүйгенінен айырып,
Сол жігітпе бақыты деп тапқаның???!
Сұмдық!
Бұлай сенің ата қоймас ақ таңын!
Бұлай сенің ата қоймас ақ таңын!..

*** *** *** *** ***

2 пікір

Jazko
Өте тамаша, жеңіл өлеңдерден көз сүрінетін еді, осындай тереңіен жазылатын өлеңдер көбейе берсін. Жарайсын
maulen
«Сөз сүйектен өтедідіні» тағы дәлелдеген өлең ғой, өте салмақты жазылыпты!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.