алдыңа оралып барғам жоқ!!!...

Ішінен күйетін, сүйетін сұлу қыз
Сағынбай кеткенің қалай бұл?!
Барлығы бекерге өткен бе
Бір жүрген талай ай талай жыл.

Сағынып көруге құштар ең,
Сезімді сеніммен ұштар ең.
Шын сүйсең алқынған жүректі,
Аялап қолында ұстар ең.

Алайда сен олай етпедің,
Шынайы сезімнің соңына жетпедің.
Бәлкім бұл дұрыста шығар ау,
Өзіңмен өзің боп кеткенің.

Мен оған өкініп қалғам жоқ,
Сезімде бар еді талғам көп.
Сенсізде сағынған жандар көп,
Сол үшін алдыңа қайтадан
Сезімді көл қылып,
Оралып барғам жоқ…

1 пікір

avatar
  • maulen
  • 0
Әдемі өлең шұмақтары! Жарайсыз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.