«Ұлттық намыс»

Жылт-жылт еткен күннің сәулесіндей.
Зымырап өмір өтер еш білінбей.
Ішкен ас, бір төсекке мәз боп жүрміз
Бір қазақ бір қазақтың тілін түсінбей.

Сыртымыз жылтырайды көрер көзге.
Мән бермей тілдесеміз әр бір сөзге.
Өз тілін ұмытып қорғып жүрген,
Не айтып, не істеу керек біздей елге?

Кесапат, кері кеткен кернеу болды.
Кеудеге қасірет қайғы толды.
Өзімізді өзіміз қорлайтындай,
Өзге елден қай жеріміз кемдеу болды.

Имансыз, намыссыз жұртқа айналдық.
Дәмі кетіп кеуіп қалған құртқа айналдық.
Қызыңды жалаңаш шешіндірген,
Ұятсыз ұлы бар ұлтқа айналдық.

Осыдан асқан қорлық барма.
Ұлтық намыс қор болып уланғанда.
Ұлы елдің ұрпағы осындаймыз,
Көкірек түйіп, халқын сүйіп ойланғанға.

3 пікір

eraliev_s
Жарайсың бауырым жақсы шығарыпсың!
Jako
Кан мырза, көрісу мейрамымен құттықтаймын! Айтайын деген ой тамаша, бірақ өлең әлсіз, сенің деңгейің емес. Буын санында да, ұйқаста да жетіспей жатқан жақтары баршылық, бір қарап шықсаң артықтық етпес еді.
Kan
Дұрыс айтасыз аға. өлеңнің шейкі жақтары көп.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.