К.Ахметова поэзиясы

Біреулердің біреулер арқасында,
Біреулердің біреулер қалқасында.
Жүрген кездеөзіңніңешкімі жоқ
Тағдырыңнан бір түрлі қорқасың да!

Ойланасың жүрекке жүк түсіріп,
Қызық халықБолмайды түк түсініп.
Милары жоқ біреулер мықтысының
Жетегінен қарайды «мықтысынып».

Білмейді олар өзінің ерсі ісін де,
Күдірейіп, көрмейді көршісін де.
Әдетінде біреудің — өсек тасу,
Жағымпаздық — бірінің еншісінде.

Даңқы кетіп тұрғандай байтаққа анық.
Дүниені тоқтайды шайқап барып.
Қысыламын кей-кейде солардың да,
Бір бейшара екенін байқап қалып…

Налымаймын соларға танымаған,
Мақсат емес танылу әлі маған.
Бір қолдаушым жоқ болса, ештеңе етпес,
Бәрінен де болсыншы елім аман!

Уақытқа жанылған мен де алмаспын,
Адамы да емеспін жан далбастың.
Қызықпаймын біреудің биігіне,
Елім барда, ешкімнен кем болмаспын.

автор: К.Ахметова

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.