Жұлдызға

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: ЖұлдызғаҚызғанамын, ай мен күн, ауадан да.
Айта алмаймын жауабын сұрасаңда.
Жарығым, мен өзіңді шын сүйемін.
Сенсіз мынау, жалғанда жүре алам ба?

Айтайын ішімдегі жақұтымды,
Менен артық адам жоққой шын бақытты.
Жаным Жұлдыз, мен өзіңді жолықтырдым,
Бір көргеннен жүрек кілтін ағытты.

Қолымдағы бар асылым жалғыз өзің,
Маған тәтті, сенің әрбір айтқан сөзің.
Жатсам тұрсам көз алдымнан кетер емес,
Жарқыраған, күн шуақтай, жарқын жүзің.

Ғашықпын мен жарығым бір өзіңе,
Сенбеймін сенсіз өмір сүреріме.
Махаббатқа мас болған сол сезімді,
Шешілместей байлап тақтым жүрегіме.

Есімнен кетер емес сол бір күндер,
Өзіңмен қол ұстасқан қарлы түндер.
Мейлі қанша ызғары болсадағы,
Жан жылуым, тектен-тек, кетпес бекер.

Сұлудың сенен артық керегі жоқ,
Айта берсем оның да себебі көп.
Екеуміз мәңгі бірге жүрейікші,
Ақынның, хатқа түскен, өлеңі боп…

6 пікір

AbylaiEsimbai
Бақытты болыңыздар! Қызыңыз өте әдемі екен. Тіл-көз тасқа кетсін.
MSHERIMBEK
сүйкімді сұлу екен :)
maulen
Ақынның хатқа түскен өлеңі таусылмағай!
Abylai
:v бақытты болыңдар!
ispek92
Туған күніңмен! Сүгіреттегі сұлумен бақытты да мәңгі өмір кешіңдер :v
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.