Елік-сезім

Еліктірді мені мөлдір,
Елік-сезім сендегі…
Еліктейін үркек пе едің?
Жүрек жара мендегі…
Жүрекке бір сезім сыйла,
Басқасы бәрі далбаса
Сезімнен соққан сыйлайын мен
Арғымақ-сезім, мін енді...!

Желіктірді мені үнің,
Сыңғырлаған бұлақтай…
Жүрек құрғыр естігенде
Кетеді ғой шыдатпай…
Елік-сезім әр түн сайын
Ұша берер қалықтай…
Жүрегіме ұя салған
Қарлығашым болдың-ай…

Елік-сезім тосырқамай
Қарашы бір мен жаққа
Сезім селдей тасығаны-ай…
Бөгей алман, мін тақпа…
Арғымақ-сезім құрық тастайды
Сендегі елік-сезімге…
Ғашық жүректі жырлай бастайды
Үздіге жаным, сездің бе ?!..

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.