Мемуаршы мұңы..

Бейтаныс ару…

Сиқыр сұлу, сылқымым соны мүсін,
Ұяңдықтың ұрлаған мол ырысын
Жиырмаға жетпеген жас жігітке.
Кезіктің бе, кербезім сорың үшін.

Хор қызына айналдың сол кезде бір.
Сүймесіне сендірді сонда өзгені ұл…
Жымиғаның жарасып ақ жүзіңе.
Кең көшені кезгендей кербез көңіл…

Сәулесіне шомылып көмескі оттың,
елегзіген көңілмен елесті өбтім…
Қиялымның қанатын қатты сермеп…
Қосылар күнімізді елестеттім…

Жайсыздықты сеземін тағы түрлі…
Тағы қарап,қарақат тағы күлді.
Сезімімнің сеңі де сөгітіліп,
Төзімімнің тығыны ағытылды…

Сенсіз ғалам, көрініп көзге күрең.
Өрнектерде айрылар өз реңінен…
Бейтаныс жан… бір өзің бар әлемде…
Сүймеспін деп ойладым өзгені мен

Қалмайды елес бейнең, есімде өлі…
Естігендер есуас десін мені…
Алыстадым автобус жүрісімен…
Таныспадым сол үшін кешір мені…

2 пікір

maulen
Қаламың сиясы бітпегей…
adaikyz
мықты мықты… жарайсың Оркаш!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.