Асылдар кетт-ау мәңгіге.

Қазақтың көп қой баласы.
Ерекше туған дарасы.
Асылдар кеттау ертерек.
Алыстап елден арасы.

Қорқамын зарлы дауыстан.
Қайғымен қабат алысқан.
Ерлерін елі жоқтайды.
Ажалмен ерте қауышқан.

Талықсып үні алыстан.
Дәм-түзын өлшеп тауысқан.
Асылдар кетті-ау мәңгіге,
Хабары болмай ғарыштан.

Қалауын таппай сезімде.
Қадірін білмей кезінде.
Ойсырап орнын көрсеткен,
Амалың барма өлімге.

Орыны жүрек төрінде.
Еңбегі сінген еліне.
Асылдар үшін дұға еттім,
Аунап бір түссін көрінде.

2 пікір

satirik92
Секундына бір аунап түседі ау сол Асылдар!
Ai_fariza
Кара жер хабар бергенмен, тiрiсiнде елемеймiз гой, бiз. Олген сон, бiрак таныган асылдарымыз каншама. Жаксы жазыпсыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.