Ана тілім - ар тілім

Сан ғасырлар, сан тарихтар шертілді
Қазақ тілі өршітіп тұр дертімді.
Тілін білмес, соқыр намыс арсыздар.
Айды аспанға шығарғандай, желпінді.

Оқылғанда Елбасының жолдауы,
Қазақ пенен қазақшамыз оңбады.
Өз жерімде өзге тілді білмесең,
Жұмысқа алмай қара халық сорлады.

Қоғам дейміз, қоғам бізбіз адамдар,
Тарих бетін ақтаруға жараңдар,
Ана сүтін ақтап өсер ұл тусын,
Қыздың қатал тәртібіне қараңдар.

Қазақ дейді кешегі өткен дүлділдер,
Оқығандар шет ел асып тіл білер.
Қаны таза, намысты бар пенделер,
Отан үшін, өз жүрегін тілгілер.

Қабанбай мен Наурызбай бабалар,
Ұлты үшін ақ найзамен алысқан,
Желтоқсанда мұз құрсанған боздақтар,
Нар күштерін, тілі үшін тауысқан.

Текті ұрпақтың тектілігі тереңде,
Ұрпағыңның ертеңі үшін елеңде.
Дұға тіле, шүкірлік ет өткенге,
Әрбір атқан Алла таңы келерде!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.