Осы біздер

Осы біздер!
Жатпай тұрмай іздедік тосын іздер.
Жеті миллиярд адам бар жер жарынан,
Жан таппадық, қайтейін, «досымыз» дер.

Дара қайғы,
Құр сенделіп аспанды аралайды.
Қай қазақпен кездессең бәрі жақсы,
Бірақ шын дос болуға жарамайды!

Алысқанмен,
Достық деген түсінік ғарыштан кең.
Кейде жайсаң жандарды дос деп жүріп,
Шатастырып аламыз таныстармен.

Бос елесті,
Бойға жиып бар үміт рас егесті.
Содан болар кешіріп сатқындығын,
Дос етуге тырыстық дос еместі.

1 пікір

Kan
өлеңді оқып бір рахаттанып қалдым. нағыз өлең, шын ақын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.