Бәрі бітті, ұмытты деп пе ең, жаным

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Бәрі бітті, ұмытты деп пе ең, жаным
Бәрі бітті, ұмытты деп пе ең, жаным,
Сені есіме түсірді өткен жауын.

Өткен жауын түсірді, түсірді сені есіме,
Өзің жайлы ойлаймын мен осы неге?
Мен осы не ойлацмын өзің жайлы,
Саған ғашық сезімім тез ұлғайды.

Тез ұлғайды сезімім саған ғашық
Сол баяғы, іңкәрлік балаң жасы.

Балаң жасы іңкәрлік сол баяғы,
Бүгін жаным шертуде әнді аялы.
Әнді аялы шертуде бүгін жаным,
Сені сүйгендігімнен, мұның бәрі.

Авторын кім біледі?

3 пікір

maulen
Әні — А.Тілегендікі. Сөзің білмедім! Әнді осы жерден тыңдай аласыз
Jako
Мәңгі махаббат…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.