Қайғы емес ол...

Қайғы емес ол

Жабырқаған жанымды кім ұғар дейсің,
Сағымында келемін бір елестің.
Адам ба бұл жанымды жабырқатқан,
Әлде, сынақ кезеңі ме, түсінер емеспін.

Жабырқаулы көңілім, жабырқайды,
Санамды небір ойлар торлайды.
Емтиханның кестесімен жүргенде
Ойым менен санамда тек бір қайғы.

Қайғы деймін, қайғы емес-ау мендегі,
Жас санамның жетілгені ендігі.
Үлкен өмір жолындағы ауыр сәт
Қайғы емес ол, сыналар сәт кеңдігі.

Төзе білу, шыдамдылық таныту,
Асыл қасиет бойындағы адамның.
Қайғы емес ол, қиындыққа жолығу –
Шыңдалар сәт, сыналар кез қадамың.
Таукенова Әлия

1 пікір

Kan
сыннан сүрімбей өтуде ерлік.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.