Фариза

Көптен күткен өлеңім бүгін туды,
Фариза апа аңсадым өзіңізбен жолығуды.
Жырыңды оқып өстіп мен жүрегіммен,
Сенің қызың Фаризаның жолын қуды.

Шәкіртің самғап түлер енді,
Бұлақтай сарқылуда өлеңдерім.
Сенің жаққан шырағыңды өшірмей,
Сенің бейнең жүрегімде жүрер менің.

Фариза апа өзіңсіз таза ақын,
Бұл сөзге дүниеде таласар кім?!
Мәңгілік алаулардай өшпейді ғой,
Алтыннан құйылған ғажап атың.

Мен үшін ғажап ақын Фариза!!!
Тыныс деген кейде дағы тарылса,
Өлеңіңді оқимын мен,
Жүрегім де саған шын риза!

Мойындаған бүкіл халқың,
Мәңгілікке нағыз ақын – Фариза!!!

2 пікір

Ai_fariza
Фариза апанын iзiнен ерген жандардын тагы бiрi мен едiм. Фаризасын жоктаган калын ел акыннын олендерi ошпейтiнiне сенедi.
ai85
Менде Фариза апамыздың өлеңдерін сүйіп оқимын, мына өлеңі керемет емеспе?, айтыңыздаршы!
«Өлең, мен сені аялап өтем...»
Дара күндерімнің, нала түндерімнің серігі болғаның үшін, сенімі болғаның үшін мен сені аялаймын.Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кездемен сені саялаймын.Біреудің күлкісін көріп, бақыттының түр-түсін көріп, шаттанып қалған шағымда, жеткендей арман-сағымға, қуаныштан дірілдеп денем, алдыңа күлімдеп келем.Ажалмен айқасқан сәтте қыршын жас көз ілгенін көріп, өткінші сезімдерді көріп, кешегі «доспын» дегенніңминутта жерінгенін көріп, кімнен өшімді аларымды білмей, кімдерге кінә тағарымды білмей, алдыңа лапылдап келем, жарылуға жақындап келем.Өмірдің өткелдеріненқиындық көп көргеніммен,өртеніп от басқаныммен,өзіңмен қоштаспадым мен.Күлкімді, жайлы күнімді, азапты, қайғы-мұңымдыөзіммен бөліскенің үшін,қатем мен жеңістерім үшінменің мынау қиындау тағдырым болыпо баста көріскенің үшінӨлең, мен сені аялап өтем!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.