Қандай жаман!

Мен үшін жат, жаман дүниені, құбылыстарды жинақтап, өлең түрінде жеткізуге тырыстым. Қандай дәрежеде жеткізе алғанымды сіздерден білемін деген үміттемін.
Қандай жаман!
Қандай жаман жетімнің зарлағаны,
Анасын сағынып жылағаны.
Қандай жаман соқырдың сұрағаны,
Аспан күндіз қандай түске боялғанын.
Қандай жаман Ананың күрсінгені,
Қарт үйінде жанының күйзелгені.
Қандай жаман Әкенің өкінгені,
Баланың Әке сөзін таптағаны.
Қандай жаман туыстын ұрсысқаны,
Бірін-бірі көре алмай, қызғанғаны.
Қандай жаман қыз баланың адасқаны,
Шарап ішіп, көше кезіп сандалғаны.
Қандай жаман ер адамның мылжындауы,
Әйеліне қол көтеріп, ақырғаны.
Қандай жаман адамзаттың бұзылғаны,
Көкіректер, мақтаншақтар басынғаны.
Жақсылық та, жамандық та Аллахтан тек!
Соны жаппай барлығы ұмытқаны…
Бұзылған соң бұл күнде адам ойы,
Келіп жетті басымызға қара заман,
Дарияның тартылғаны ештене емес.
Қарияның сарқылғаны қандай жаман!

3 пікір

Jako
Дарияның тартылғаны ештене емес.
Қарияның сарқылғаны қандай жаман!
Керемет айтылған сөз.
yesbolat83
Ұйқасын қайдам, әйтеуір, мағынасы жақсы екен.
Маған да соңғы жолдары ұнады:
Дарияның тартылғаны ештене емес.
Қарияның сарқылғаны қандай жаман!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.