Бағдаршам

Кері тартып кей- кезде адам жаны,
Құр қалады мүмкіндіктен жалғандағы.
Ұмтылғын алға қойған мақсатыңа,
Жанған кезде өмірдің бағдаршамы.

Бағдаршам әкеледі кептеліске,
Сақтамағын бірақ достым өкпе іште.
Сабыр қылып жүре бер алға қарай,
Жол серігің болар бәлкім ақ періште.

Әлі талай бағдаршамдар жолымызда,
Бар билік емес біздің қолымызда.
Өмір деген шегі жоқ кептеліс қой,
Алдымызда, жанымызда, соңымызда…
Бағдат Әбішев

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.