Әке

Сынап қарап әр бір менің ісіме,
Балаң үшін міндің еңбек күшіне.
Жырақтағы ұлыңды ойлап жүр ме екенсің?
Кіріп жүрсің әке жиі түсіме.

Қажыдың ба, мына өмір базарынан?
Ерте кеттім тәрбиеңнен назарыңнан.
Төбе үстінде қарсалған, төр мезгілмен,
Қарттық келіп жай таптыма ажарыңнан.

Жолға үңіліп, қолды қойып маңдайыңа,
Өксікті келген жұтып таңдайыңа,
Ұл-қызыңның жолын тосып тұр ма екенсің?
Желді ойнатып ақ шалған самайыңа.

Бағдат Әбішев

1 пікір

yesbolat83
Тамаша олен. Жарайсын, бауырым. Акелер аман болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.