Қазақ тілі – бай, көркем, ана тілім!

Кеше ғана от ауызды, орақ тілді би, шешендер,
Ел басқарған білгір, дана көсемдер,
Ұшқыр қиял, терең жұмбақты ойларын
Показать полностью…
Сөзден бал тамыза жеткізуге төселген.
Қазақ тілі – бай, көркем, ана тілім!
Сене алмаймын, не болып тұр бүгін күнің?!..
Бір шалдыққан, айықпапсың кеселден!..

Айналаны әсем нұрға бөлеген.
Әр сөйлемің айтылатын өлеңмен.
Бүгін міне көбіміз сені түсінбейміз, білмейміз,
Қалай өлең жаза алмақпын тереңнен?
Өзге тілде балаларын оқытар кей ата-ана.
Бұл баласын ұлтжандылыққа тәрбиелеуге жата ма?
Қазақша сөйлей қалсаң бала ештеңе ұқпайды.
Ана тілі түсінігі басына кіріп-шықпайды.
Менсінбейді
Ана тілін – баба тілін кешегі
Мұндайда елім қалай ұлт болып өседі?!
Осындай жанды мазалаған сан сұрақтар
Көкейімді теседі!
Ондайда жүрегім…
дабыл қағып,
Бір сәтке де жанға маза бермейді!
Бойымды бір ыза, намыс кернейді!
( Бірақ, әлі де )
Елім, жерім, тілім деген бауырларым көп болса,
Ана тілім – қазақ тілі ешқашанда өлмейді!

Салтанат Мадиярқызы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.