Серенада

Көздеріңнің тұңғиығы мені өзіңе баурайды,
Жүзің болса таңда шыққан ақ шолпаннан аумайды.
Тұла бойың қадам бассаң бұралады талдай мың,
Жаныыыым менің, сөзімімді тек өзіңе арнаймын.

Бұлақтайын күлкің сенің жаныма жол табады,
Күннен-күнге сол қылығың жақын болып барады.
Мені өзіне тұтқын кетті сағыныштың қамалы,
Жаныыыым менің, жымиғаның алтыннан да бағалы.

Бұл ғаламда өмір сүред барлығы да теңімен,
Мені өзіңе ғашық еткен, қааандай сұлу, керім ең!
Өле-өлгенше аштым саған жүрегімді кеңінен.
Жаныыыым менің, мәңгілікке бірге болшы менімен!

8 пікір

Korkem
мына өлеңді жазуға мәжбүр еткен жан, неткен бақытты ең...)) +1
MSHERIMBEK
Мұны жазуға мәжбүр кеткен жан 2 жыл алдын Шымкентте болған негізі))
Korkem
Иә, елестетіп отырмын...))
AKA
Жаныыыым менің
Қаааандай еркеееее едіңіз… :)))))))
qyrmyzy
көз алдыма елестеттім:
Қарасақал басында тақия, қолында домбыра: «Жаныыыы менің»
Балканда Қазығұрт қызы майысып тұр
Korkem
балконда ма? ))))))
qyrmyzy
аха, кечроооң, қате кетп қапт
madlen
Жаныыыым деп созып Шымкентте ғана айтатын шығар )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.