Қырсық қызға қолтаңба

Студент кезімде мына өлең қатты ұнайтын еді. Соны осында салдым. Өлең авторы С.Сейтман.



Гүлді қорлап, қызды зорлап,
Ару жанын түсінбей.
Ағайынның талайының
Боп жүр өңі – түсіндей.
Бұл — қыз деген, үлпілдеген
Бақыт құсың қолдағы,
Мәнді баптап, мәңгі сақтап
Қадірлесең болғаны.

Қирап еріп, тұрмас берік,
Тау соқсаң да, мұзбенен.
Сол сияқты, бор сияқты,
Бір нәзік зат — қыз деген

Су бар ма, — деп, құрауға бет,
Бұрған гүлді шөлдеп тым.
Қызып анық, үзіп алып,
Қорлық жасап көрмеппін.

Жаңбыр сынды, әрбір гүлді.
Иіскеуден аулақпын.
Ұнады ма, құлағына,
Бірден сырға салмақпын.

Жер бетінде, тербетілген.
Қызғалдақ көп — Қыз деген.
Бірақ, шыным, бір ақ гүлім,
Табылмай жүр іздеген.

6 пікір

AKA
Бұрын естімеппін…
Ұнады ма, құлағына,
Бірден сырға салмақпын.
Неткен батылдық! :))
Aspan
бұл автордың сөзі, яғни, түпнұсқасы. Дәл осы жерін өзгертіп айтатындар бар еді, оны естісеңіз, көзсіз батырлық дер ма едіңіз
vkm
Бірақ, шыным, бір ақ гүлім,
Табылмай жүр іздеген.
ммм… да
қыздар аз ба, таңдау қатал ма?
Aspan
қазір ақ гүлінен 2 бала сүйіп отыр. Іздеген жетер мұратқа
vkm
Іске сәт! Ақ гүліңізді кездестіріп, бақытты бол!
MSHERIMBEK
Жақсы екен.
Ескерту: Сайттың ретті болуы үшін өлеңдердің барлығы Поэзия, менімен егіз бе едің?! блогына қосылып, сонда жарияласаңыздар!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.