Сағындым сені, әже...

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Сағындым сені, әже...
Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып,
Кеткелі өзің көктемдер келді
Бәйшешек, гүлін тағынып!
Бәрі де қалпы…
Адамдар көп-ақ көшеде
Бейне бір теңіз ағылып.
Тек қана сенің жоқтығыңа солар ішінде,
Құлының отыр қамығып.
Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып,
Өзің бардағы тентек немерең-
Қалыпты жұртқа «бағынып».
Өмірге нұрлы ғашық қып мені жіберді
Мейірімге толы үлкен Жүрегіңнің жалыны.
Көрсем деп сені әрбір таңымнан іздеймін,
Жетелеп алға ақ Үміт!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.