Зулайды-ау күндер.

Өмір шіркін құдай-ау, алдамшы ма еді өтпелі,
Сырғып жатыр тоқтамастан, жазы менен көктемі.
Ойға салып, санамды менің сан бөліп,
Осы ма екен, балалықтың, менен алыс кеткені.

Кеше ғана еді ғой, жігіттік нұрын сепкені,
Сан қуанышқа бөледі сол дәуреннің жеткені.
Тұшынбасам дәміңді, түсінбесем сәніңді, сала алмасам әніңді,
Жігіттік маған өкпеле,қарамағын, аямағын, сөк мені.

Айналайын, жігіттік, аларым сенен көп па еді,
Алға тартып, аялап, кеудемнен кері теппеді.
Ақылға тартып ой салды, алдыңа қара ойлан деп,
Қорқамын содан,қарттықтан соғар леп пе еді.

Қорықсам да анық қой, күндер. өткені,
Маған да міне ойланар шақтың, жеткені.
Мойындама, мойындасаң,қарттықтан самал соқты деп,
Қырмызы қызық,қыз қуар сәттің біткені.

Jako.

37 пікір

vkm
жақсы! Бірақ сіздің туған жылыңыз 1999 деп тұр:))))
Jako
Күндердің зулауынан қорыққаеым шығар…
vkm
))))үлкендерден қорықпаймыз,үйренеміз)))
MSHERIMBEK
Өлең ұнады. Қонымды жазылыпты.
Ескерту: Сайттың ретті болуы үшін өлеңдердің барлығы «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» блогына қосылып, сонда жарияласаңыздар!
Jako
Білместік қоо,қараңғылық қор қылып бітті.Қайталанбайды.
AKA
Сосын, «Жауап жазу» функциясын да пайдаланыңызшы.
Jako
Онысы қайда құдай-ау, кіргеніме екі ақ сағат болды.
a63a1
Онысы қайда құдай-ау,
таппадыңба әлі?
Jako
Көкпен жазылған«Жауап жазу»- деген емес пе екен?
a63a1
мүмкін, менде таппай отырм
MSHERIMBEK
Жауап бергің келген адамның пікірің сәл жоғарғы жағында Жауап беру деген сілтеме бар! Соны бассаң жауап беретін редактор ашылады
Jako
Рахмет Қареке, осым дұрыс па?
MSHERIMBEK
Осылай дұрыс:)
Meirzhan
Жакоға жабылып кетіпсіңдер :)
Jako
Пропискаға алып жатыр, ақыоын берсін.
MSHERIMBEK
FAQ керек негізі. Мәке, жасап шыға аласың ба?
Meirzhan
Аха, көрейік.
a63a1
Жако сен көп ойланасыңба?
Jako
Не туралы,қауашақ қақпады?
a63a1
өмір жайлы да, ерте есейіп кеткенге ұқсайсыңғой, мына өлеңіңді оқып отырып солай деп меңзедім
a63a1
12 демісің өзің?
Jako
«Ақырзаманның бәлесі аласа туады, онысымен тұрмай жағаласа туады»-демей ме?
a63a1
Ақырзаманды болжап қойғаннан аманбысың өзің?
Jako
Мен емес қой айтқан, бұрынғылардың сөзі.
yerbol89
Досым былайша Жако кішіге кеңес ақылын айтатын ата кісі. Немерелері бар ағамыз. Қайта бұл кісіге риза боламын, жас келіп қалса да еркін интернеттін құлағында ойнайды. :)
a63a1
Профайлына қарап отырмынғой
Jako
Ой ештеңе етпейді,қайта еркіндікке жақсы.
a63a1
Бәсе демін-ау, буыны қатаймаған баланың бесіктен белі шықпай жатып
Қырмызы қызық,қыз қуар сәттің біткені.
біткеніме деп отсам =))
Jako
Жок ә,қазір қумаймыз, аяң ғоо десем)))
a63a1
мен қуар едім, шынымен жасыңыз нешеде болды сонымен
Jako
Ой, шақырсаң бірге қуамын әлі…
a63a1
өйдөйт )))))))) жарап-ақ тұр екенсіз, жетпісбай сексенбайларға қалай қарайсыз?
Jako
Қатырасың, авамда тұрған өзімнің ұлым, жетіде.
a63a1
аеее солай деңіз))))
Jako
Саоайы солай қарғым,қырықтан асып барамын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.