Досқа сыр

Қалайсың досым бәрі аманба?
Мақтама мейлі мені жаманда,
Бәрібір өзіңдей адам табылмас,
Жат көзі сынға салар алаңда.

Шашылған шимай ақ парақ,
Шерімді сыртқа ақтарат,
Әр парақта сұлулардың есімі,
Жүрегім тұрақсыз боп барат.

Бұл дүние менің қимасым,
Қашанғы тағдыр қинасын,
Жүрегіне сұлулардың сисамда,
Табытқа анық симасым.

Арманға байлап қанатты,
Тауысып төзім тағатты,
Қиялым қалқып ғарышта,
Тағыда ұйқысыз таң атты.

Жүргеннен соң бойдақ боп,
Әр нәрсені ойлап көп,
Шектенде кейде шығамын,
Қызығына дүниенің тоймақ боп.

Көңілім әрнеге өкпелі,
Ғашығым қайырылмай кеткелі,
Қыздардан таппай бағымды,
Қалғандай әлемнен шеткері.

Адасып жолынан ақылдың,
Басыңды талай қатырдым,
Сондада мақтан тұтасың,
Досымын деп ақынның.

Дұшпанның білемін теберін,
Өзіңсің дос менің сенерім,
Шақырсаң шауып барамын,
Сұрамай ешбір себебін.

Санамда ойлар сенделер,
Достыққа нелер тең келер,
Зиянын тигізіп кетпесін,
Көре алмай жүрген пенделер.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.