Әселхан Торбаева КАРАҒАНДЫ өлеңдер топтамасы

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Торбаева Әселхан Тұрғанбекқызы, 1991 жылы 11 наурызда Өзбекстан Республикасы, Жиззах обылысы, Гагарин қаласында дүниеге келген. ҚР тәуелсіздік күніне арналған «Сен деп ән саламын, Қазақстан» патриоттық әндер мен авторлық өлеңдер облыстық байқауының жүлдегері. Өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Бүгінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің 4 курс студенті.
ШЛЯПА

Көп iшiнде жүр едiм ғой елеңдеп,
Бұл жүректi кiм ойлағaн көнер деп?
Шляпалы жiгiт өтiп барады,
Өзi киген шляпадан төмендеп.

Сырбазын-ай, көрiктi екен көрiктi,
Сүйген жанын таңдауғa рас ерiктi.
Өзi — өлең!
Тағы өлең оқиды,
Жүрегiмдi сан жырымен ерiттi.

Қоштасарда қалды бiлем қия алмай,
Мен де қалдым ойғa батып қиялдай.
Қос ерiнiн тicтелейдi тыпыршып,
Ол да менi, мен де оны сүйе алмай.

Күйiн ұғып тұра бердiм күрсiнiп,
Қолын алып қоштассам деп құлшынып.
Жанарымнан бip тамшы жас үздiм де,
Керi айналып кете бардым тұншығып.

Апама сыр!

Батыстың үні ме, орасан,
Найзағай бір жырдың сыры мың.
Ақұштап апама қарасам,
Өрлік пен нәзіктік бір ұғым.

Ақұштап апама жетсем бе,
Сөз жиып жаныма асыл кіл.
Жайыққа жол тартып кетсем бе,
Кеудеме симай жүр Қасым жыр.

Апамның жырына қосылып,
Жайықтың толқыны тербесе.
Кеудемде бос қиял, бос үміт,
Қиялдап көрейін еңдеше.

Ғажап қой!
Апам тұр алдымда,
"Қыз" деген «анасы ұрпақтың»
«Сүйгенді сүю» деді.
Бағым ба,
Уақытқа сезімді ұрлатым.

Ақұштап апам — ау, айта түс,
Мен деген қыз едім бүрмелі.
Басыма болады салған іс,
Жүрегім қинап — ақ жүргені.

Жырыңыз жаныма медет деп,
Шағала жыр іздеп жүрегім.
Жайықтан жаңа жыр келед(і) деп,
Есілде елеңдеп жүремін.

МӨЛТЕК МҰҢ

Бұлыңғыр бұл көктем,
Тәнім де талықсып.
Ернімді жел өпкен,
Ауамен жарысып.

Отырмын баққа кеп,
Ағаштар жалаңаш.
Бұл қызды мұңлы деп,
Мүсіркеп қарамаш.

Бұл өмір аяусыз,
Уын сан ұртадым.
Арманым ғанасың,
Күйімді ұқпадың.

Аспанның көз жасы,
Төбемнен құйды кеп,
Қас пен көз арасы,
Өтеді дөңгелеп.

Өзекте жарам сыз,
Өлең деп әмірің.
Жүрсем ед алаңсыз,
Ойламай тәңірім.

Көңіл

Өтірік күлуден шаршадым,
Жегідей жеп тыңды қанша мұң.
Жаз, күз, қысты рас ұнатам,
Көктемге ауады аңсарым.

Кеткімде келеді тау асып,
Көкбелде гүл терем таласып.
Қуанып жүрер күн барма екен,
Жайдары жігітпен жарасып?

Ізгіні бұл көктем сыйлайды,
Сырымды сабырмен тыңдайды.
Асылды бір көрсет көзіме,
Айырбас қылайын күнге айды.

Гүл едім алады бір құшақ,
Жаным бір білемін нұр құшад.
Қайғы дерт қысады бүйірден,
Өткенім есіме салғыш — ақ.

Сіз…

Сіз мені… ұмытқан шығарсыз,
Кеттіңіз өзгемен…
… күмәнсіз.
Әйтпесе сағына келуші ең,
Күндерім күн емес — тұман күз.

Сізді мен ұнатқан ақымақ!
Мендік күй —
сарғайған жапырақ.
Түсіне қоймады мына әлем,
Түсіне қоймады атырап.

***

Қарақаттай көздерің — ай… күлімдеп,
Құшағыңда балғын денем дірілдеп.
Сол күндерге бақыттымды қалдырдым,
Сене алмасаң жүрегіме үңіл кеп.

Қандай бақыт сенімен бір жүргенім,
Күндізім де, түнімде де біргемін.
Сен болмасаң түнек мына әлемім,
Қажеті жоқ үлде менен бүлденің.

Қажеті не көзден жауын алғаның,
Қаламаймын бақыт менен ауғанын.
Мейлі сенсіз өте берсін сан жылдар,
Өз еркінде өзге гүлді таңдауың.

Біле жүрші сені сүйген бір адам,
Нұр сезімін бір сөз қылып құраған.
Осылайша ғашық болып ес — түссіз,
Айрылармын түбі, бәлкім, күнәдан.

Мен жолығар бақыт қайда сірә мән,
Өзен ағар тау құлама жырадан.
Сен күлімде.
Мені ойласаң күліп жүр,
Ешқашанда мені ойлап жыламан,
Жарайма?!

***

Қарамасаң қарамашы жарығым,
Қайғыма мұң араласты жарыдым.
Неге сонша жазғырасың тіл қатпай,
Бағымды ашпай қалатындай Тәңірім.

Өз қайғыма тұншыға сан өртенгем,
Жетім тағдыр құрық салған желкемнен.
Саған ғана басын иген өр кеудем,
Бақытына батар ма ед белшеден.

Сүйгенімді жайып салдым бар кінәм,
Мұңлықпын ғой жылап — сықтап жай тынам.
Тағдыр сыйы тарту еткен ғажап сый,
Марапаты қай жазаның қай күнәм?..

Қайтем еңді жүрек құрғыр сағынды ал,
Сені ойлаумен қарсы алармын таңымды әр.
Сыйламасаң сыйламашы сүйіктім,
Ғашық болған сірә менің бағым бар.

***

Сен неге жылайсың бағы бар жан,
Мен жыласам жыладым сағынғаннан.
Сезімімнің аспаны алабұртып,
Бақытымның есігі жабылғаннан.

Сен неге үміттендің көрінгеннен,
Мен түңілсем түңілем өмір көргем.
Бір басымнан жеткілік қайғымда асар,
Өз — өзіме тоқтау сап төзім өргем.

Сен де мендей екенсің кейіпкерім,
Қайғысына қақталып сүйіп көрдім.
Бір күн кетсем артымнан жоқтар күн бар,
Ар алдында кім білген биіктермін.
***

Ғашықпын санамен, ақылмын,
Өзiмнен гөрі оған жақынмын.
Қия алмай қоштасқам мен бірде,
Бізді енді бөле алмас шақырым.

Бізді енді күндейдi жақындар,
Жатым бар үн қатпай мақұлдар.
Бақтағы ақ қайын секілді,
Ақ болып қалуға қақым бар.

Бізді енді «күн» дейді жақсылар,
Кез келді маған да бақ сынар.
Мен осы бағымды қаладым,
Гүл қылар немесе тас қылар.

Жұмақ деп түсіндім кұшағын,
Сезімді «сендік» деп тұсадым.
Жетіп кеп кұшақтай алғанда,
Желкемде қап койды кұса-мұң.

Ол мені сүйеді, ардақтым,
Жан жары боп мәңгі қалмақпын.
Ақ некем қиылар бұйыртса,
Босаға аттауға бармақпын.

Осы енді бұйрығы тағдырдың,
Сырымды сан жанға алдырдым.
Байлықты білмеймін бұйырар,
Бақытты боп мәңгі калғырмын.

***

Білмедім не істермін шарасыз хәлдемін,
Қайсар ем табалап жеңе алды әлдекім.
Әлдекім дегенім — жүрексіз сүйіктім,
Басыма орнатқан тайқымас сәлде мұң.

Кім мені түсінер атқанмен ақ таңым,
Білемін маңайда жақында, жат барын.
Ешкімнің алдында кінәлі емеспін,
Сеземін басымда түбі бір бақ барын.

Жаратқан жарылқап жатса егер құлым деп,
Қалайша бұл қызың өмірден түңілмек.
Өткенге өкпем зіл, өкініш сәтім көп,
Сынағын көтерем сонда да күлімдеп.

Өтеді — ау, бұлыңғыр бүгін мен ертеңім,
Кешегім білсеңіз қиялым, ертегім.
Өткенді ұмыта алатын емеспін,
Қайғымды баққа кеп оңаша шертемін.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.