Парадокс

Түптің түбіне жету-
Не деген сұмдық,
Не деген бақыт!
Нәзік көз жетелер ойға
Бәріміз бірге көз жұмдық,
Келмесін деп оған уақыт.
Неліктен, неге,
Шарпылып жатқан сезімнің
үлесі аз?
Түсінікке, сөзге
жеге-жеге,
Еленбеске кетті ғой жүректегі
наз.

Қалай ойласаңдар да бәрі бір:
Баяғы сол ойға берікпіз.
Дегенмен жан дауылының
нәрі бір:
Бар да жоқ игіге серікпіз.

Бізді қайдам, өзіме келсем,
Білмеймін не болатынын
жандағы қоқыс.
Әйтеуір ерікпенен бірге желсем,
Алдымнан шығатыны-
Парадокс.
Сенерің не, сенбесің не,
Ойға жүгінсең, теріс шығар
заттар көп.
Жеңерің не, жеңбесің не,
Сезімнің шырғалаңы ебіне қарай
басар дөп.

Жаңалығым бар керек десеңдер,
Мен бір тәкаппар, екіжүзді
қызбын.
Жерікке берілген не сендер?
Мұқият бәрін қарайлаңдар:
Аты шулы
қымызбын.

Тегі, жіптің бір ұшын тарту-
бар үміттің құр қалғаны.
Болсыншы әрдайым парадокс
тарту,
Жанымның сондағы
Нұр алғаны.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.