************

Шырқалса құлықсыздау ән көңілсіз,
Шуақтың қажеті не жанға нұрсыз?..
Сұрықсыз мына дүние селт етпейді,
Сүйрейді қамытыңды таңдар үнсіз…

Мейлі, сен мағыналы, мәнді өмір кеш,
Пенделер жоққа — сараң, барға — күндес.
Бойсұнып тереңіңе енсе-дағы,
Санасыз түсінбейді арманыңды еш…

Амалсыз, тістеледі бармақ үнсіз,
Пенделер бұл жалғанда бар ма мұңсыз?
Өмірде оқылмаған жыр — бақытсыз,
Жүрекпен тыңдалмаған ән де өмірсіз…

1 пікір

maulen
Тістелмесін бармақтар,
Жан көбейсін махаббатты ардақтар.
Бақытты, бақытсызын жырымыздың,
Сарапкер, оқырмандар сан салмақтар.
Тілегім осы-ау!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.