Ақтаулық жастар жергілікті ақын Рахат Қосбармақпен кездесті.

17 ақпан күні Ақтау қаласындағы облыстық кітапхана ғимаратында Нұр Отан партиясы Маңғыстау облыстық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты «Кел, жастар, оқылық» науқаны аясында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі Рахат Қосбармақпен жастардың кездесуін өткізді. Кездесу облыстық кітапхана ғимаратында өтіп, оған студенттер, оқушылар, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатыстырылып, еркін форматта ақынмен әңгімелесу жүргізілді. Жалпы жобаның мақсаты: қазақстандық жастар арасында кітап оқу мәдениеті деңгейін көтеру, жастар арасында классикалық та, заманауи да шығармаларды оқуды қалыпты әдетке айналдыруға ұмтылу.

Оқырман азамат байсалды да білімпаз болып көрінеді. Ақпараттық ортада кітап оқуды алға қоюға қолайлы жағдай қалыптастыру, әдебиеттің ең үздік үлгілерін (мәтіндер, кітаптар, жанрлар, басылымдар) жас оқырмандар тобына арнап шығару, жас ұрпақ бойында кітап оқу мәдениетінің құндылығы мен маңыздылығы туралы түсінікті қалыптастыру, оқырман адамның, кітаптың, әдебиеттің, кітапханалардың, кітап дүкендерінің және кітап оқуға байланысты басқа да әлеуметтік институттардың жағымды және тартымды бейнесін құру, кітап оқымайтын және аз оқитын жастарды кітап оқуға баулу – біздің маңызды міндеттеріміз. Бүгінгі шараның мақсаты да осы, сондай ақынның еңбектерін бағалау, құрметтеу, өскелең ұрпаққа жеткізу.
Кездесуде жастар ақынды жан жақты таныды деп айтуға болады. Сонымен қатар бүгінгі күні жастардың кітаптан алшақ жүргені туралы да пікірін тыңдады. Ақын еңбек жолдары туралы әңгімесін айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

2 пікір

Kan
Ақыннның бір өлеңін жарияламайсыз ба?
yesbolat83
Қанат бауырым, мына жерге өтіп оқысаң болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.