Виноваты звезды

Маxаббаттың уын ішіп, мен бүгін,
Мас болумен өтті тағы бір түнім…
Жұлдыздармен сырды бірге сырласып,
Жүрегімді кескіледі үнсіз үн…

Араладым қысқа, жазға қарамай,
Қыран- ойпат жоталарын өмірдің.
Шаршасам да қайта тұрып сен үшін
Табам дедім бау- бақшасын сезімнің.
Саған арнап тапқан едім көңілдің
Құлпырған шуақ сезім, нәр гүлін.
Машаһатын білмей, жаным, тағы да
Солдырдың, күнсіз неге, солдырдың?!

Солған гүл де қауыз ашар бір күні
Таң атқанда шуақ төксе бір күнім.
Бірақ қайта жылынбайды ешқашан
Бұрындары, соққан сен деп жүрегім.

Маxаббатта бітті,-деді жұлдыздар
Бітсе бітсін, сенсіз күнді көрермін…
«Виноваты» мына сансыз жұлдыздар)))
Бола қоймас енді сенің керегін…
©Байғон Асылжан

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.