Бір көре аламыз ба Сізді енді?

Бүгін тағы үміттерім түс көрді,
Көз жасымнан жасаңызшы,
Сіз көлді.
Жаңбыр асты жасырынып жылаған
Жүзімді де,
Түсімді де күз көрді.

Көрдіңіз бе,
Маңдайдағы сызықты,
Жалғаңызшы,
Жалғаңызшы,
Үзікті…
Шық толтырсам етегіме ертемен
Сағынғаным екендігін
Күз ұқты

Қайтем енді?
Мұң аңқыған күндерді,
Кімге ұсынам?
Қайғы тартқан түндерді
Қара түнде айдай болып жарқ еткен,
Бір көре аламыз ба Сізді енді?!

Өлеңді жазған: Жұлдыз Бейсекова.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.