Анашым, өзіңді сағынғанда!

Мен өмірді түсіндім, сенің темір төзіміңнен,
Мен өмірді сүйдім, сенің сиқырлы сөзіңмен.
Мен тірімін сен барда, кеудемде жаным,
Мен жасаймын сен барда, жүрегім жалын.

Менің жас жаным да, өзіңмен бірге,
Соғады ол, қайғыра, қуана, күле.
Сен қуанғанда жаным бір билеп,
Сен қайғырғанда ол кетеді түлеп.

Мен түсіндім көпті, кешірші, Мама!
Мен де анамын, енді менде де бала.
Көп қинадым білем, жаныңды сенің,
Сол үшін қарай да алман тік жүзіңе сенің…

Асыл жар, келіні, аяулы ана,
Жол табу көңілге бәрінің дара.
Отбасы ошағын өшірмей жағып,
Жауапты іс екен ұрпақты өсіру бағып.

Тырысам өзіңдей сабырмен жеңе,
Көтерем ауырды, жеңіл боларына сене.
Қиналсам тіктеле, көтере басты,
Армандай биікті, жарқын болашақты.

Көрсетпей уайым, қайғы да балаға,
Төгемін мейірді, сен құйған санаға.
Пырылдап ұядан ұшсам да, қиман,
Мен үшін саялы, сен жүрген жанұям.

Ол жерде мен сүйген, әкем бар панашым,
Жүрегінің жылуын силаған жанашыр.
Бауырларым бар, сен силап, қуантқан әлемді,
Махаббатың да киелі, шын сүйген әкемді.

Мен саған қарызбын, мойнымда тұр жүгім,
Сен барда мен күліп, шалықтап жүрмін.
Өтінем, қартайма, жүр жаның жасара,
Әкеммен ардақты мәңгі бір боп, жүз жаса!

Сан сынақ сындырмай, сағыңды тіктел!
Мұның бәрі жалған, өтетін бір өткел.
Бақытын баянды балаларыңның көрші,
Алдымда МАМА боп, күлімдеп жүрші!!!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.