Мөлдір мұң

Балалар үйін жағалап, келдім бұл күнде,
Жастыққа барып, төгілді жасым әр түнде.
Аспанға қарап, сұрадым сізді анашым,
Таба алмай қалып, адасып іздеп жүрсің бе?

Құлаттың әке, жарыңа шығып құладым,
Су толмай жатып, тартылып қалды-ау, бұлағым.
Іздеумен өткен телміре қарап жанарлар.
Қашан бітеді, маңдайға жазған
сынағың?

Әке деп келіп, асыла кетсем мойныңа,
Ана деп келіп, ақыл сұрасам жаныңда.
Айналамдағы мөлдір мұңдарға қараймын,
Не күтер алдар, сорым ба, әлде, бағым ба?..

Тоғыз ай бойы, тар құрсағыңды кеңіткен,
Қай шайтан болды, жөргектен сені жеріткен.
Бұл дүние болмас, ол дүние келер кезігер,
Алғашқы сұрақ, осының бәрі неліктен?

Жанардан тамып, мөлдір моншақтар төгілсін,
Әр бір тамшыдан, сәби бақыты көрінсін.

Фариза Мақсұт

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.