Алашымның ордасы

Алашымның ордасы,Ұлы Абайдың мекені,
Тарихы бар тұғырлы,үміт күткен ертеңі.
Ерке Ертісті жағалай бой көтерген бұл қала,
Құдіретті елден шыққан талай дана тұлғалар,
Қазақ елін танытқан Шәхкәрім мен Мұхтарлар.

Алашымның ордасы,қатал кезеңді өткерген,
Зор дауысы да атомның тараған осы өлкеден.
Қиындыққа төтеп беріп, көп қиналған бұл қала,
Жасымады ақсадағы улы ауызсуы жылғадан,
Зардап көріп бар аймақ, тұрғындары жылаған.

Алашымның ордасы,өркениеттің бастауы,
Қазақ елі мойындады рухани астана атауын.
Халқы сүйген өнерлілердің қаны тамған бұл қала,
Күміс көмей Әмірені тыңдады Франкфурт таңқала,
Ұлттық өнер Айнұрмен айтыс түсті жандана.

Алашымның ордасы, ыстық маған қашанда,
Махаббатым таусылмас,қанша өлең жазсам да.
Еуразияның дәл жүрегі, Доржынкит ежелгі аты,
Аса берсін күннен күнге туған қаламның даңқы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.