Отан

(М.мақатаев)
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Боpторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан.
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

8 пікір

AKA
Авторы — өзім деп қойсай еще :))))
Nazmina
авторы Мұқағали Мақатаев, соны да білмедіңізбе
AKA
Мәселе білмегенде емес, авторын міндетті түрде көрсеткенде.
Nazmina
ааа енді мынау жазғанды қалай өшіріп тастауға болад?
MSHERIMBEK
Постты өзгертуді басып авторын жаза салыңыз! Мұқаңның өлеңдері өлмейді ғо:)
AKA
Мен өшір дегенім жоқ, тек түзей салсаңыз жеткілікті.
М.мақатаев
Адамның аты-жөнін дұрыс жазайық.
mairosh
осылай шабыт келіп жазғанға не жетсің.Еххх шабыт келмей жүр да
Korkem
ооо мен осы шумақты ерекше ұнатушы едім +1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.